Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Бөтен адамның велосипедін сатып жіберген

Петропавлда «Skillmax» маркалы велосипед қолды болды. Жасөспірім “темір тұлпарын” Партизан көшесі бойындағы жеке секторда қалдырған. Оны 38 жастағы қала тұрғыны байқап қалып, сатып жібергені анықталды. Келтірілген материалдық шығын 60 мың теңгені құрады. Бұрын сотталған күдіктінің сөзінше, ол мүлік иесінің келуін бір тәулік бойы күткен. Келмегесін сауда жасау жағын ойлапты. Тәртіп сақшыларының араласуынан кейін велосипед жасөспірімге қайтарылды.
Ал аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жаз мезгілінде қос дөңгелекті көлікті тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалануға кеңес береді.