Konstitutsia banner mobile

Қоғам

“Bereke Fest” республикалық акциясы басталды

Петропавлдағы супермаркеттер желісі “Bereke Fest” республикалық науқанын бастады. Шілденің 1-і мен 7-сі аралығында сауда сөрелеріндегі тауарлардың басым бөлігі 30% жеңілдікпен сатылады. Акция жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жасалған.

ЮЛИЯ ПЕТРОВА, “Северный” супермаркеттер желісінің әкімшісі:

— Жаңа Конституцияның күшіне енуі – мемлекетіміз үшін тарихи сәт. Біз оның қабылдануына ат салыстық. Осы айтулы оқиғаға байланысты тұтынушыларымызға жеңілдік ұсынғымыз келді. Мақсатымыз – мерекелік көңіл-күйді бөлісе отырып, халықтың қолжетімділігін арттыру.

Науқанға қатысты тауарлар арнайы “Bereke Fest” логотипімен белгіленген. Жағымды жаңалық тұрғындарды қуантты. Көпшілік ризашылықтарын білдіруде.

Акцияға қатысушылар – “Северный”, “Семейный” және “Aimer” супермаркеттер желілері. Яғни, бағасы төмен тауарларды осылардан таба аласыздар.