Konstitutsia banner mobile

СҚО әкімдігі

АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ: “Конституцияда білім мемлекеттің ең басты тұғыры ретінде бекітілді”

Күні кеше ғана жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Осы ретте Қозыбаев университеті студенттік үкіметінің президенті өз пікірін білдірді. Асанәлі Жанатұлының сөзінше, жастар еліміз үшін аса маңызға ие құжаттың қабылдануы жолында аянбай тер төкті. Олар өз ұсыныстарын білдіріп, жалпыхалықтық референдумға бір кісідей қатысты. Бұл жастардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, Қозыбаев университеті студенттік үкіметінің президенті:

— Бәріміз жаңа Конституцияның қабылдануы үшін еңбек еттік. Плакат ілдік, халықпен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Мен жас буын өкілі ретінде білім саласына назар аудардым. Ал жаңа Ата заңымызда мемлекеттің ең басты тұғыры білім болып бекітілді.