Халық Конституциясы – халықтың басты құжаты. Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Анатолий Башмаков осындай пікір ұстанады. Мемлекеттік және саяси қайраткер, ғалым ауқымды өзгерістің барлығын жіліктеп шыққан. Ойға түйгені – Тәуелсіз еліміз жарқын болашақ жолында алға нық қадам басты. Бұның барлығы мемлекетіміздің тұрғындары үшін жасалды. Яғни, қабылданған құжат бірінші кезекте қазақстандықтарға жақын.
АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, СҚО құрметті азаматы:
— Менің ойымша, референдумға дайындық, қабылдауға ұсынылған Конституцияның мәтіні, күні кеше ғана ресми түрде күшіне енген Конституция – қазақстандық қоғамның әділдікке, адалдықты көксейтін дәуірге ұмтылуы. Бұл – мүлде жаңа, заманауи дүниетанымды қалыптастыру бойынша қуатты құрал. Осыны білу керек. Мен отандастарымды, жерлестерімді осы тамаша оқиғамен құттықтап, игілік тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім көрініс тапсын!

