“Су жаңа Конституциядағы толықтырулар мен өзгерістер – саяси реформаларға ғана емес, түбегейлі қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған нық қадам”. Бұл – “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Кемел Оспановтың пікірі. Азаматтың сөзінше, болашаққа сеніммен қараған әрбір елде халыққа жақын заң жинағы үстемдік құруы тиіс. Сонда ғана мемлекетте әділдік пен орнықты даму болады.
КЕМЕЛ ОСПАНОВ, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:
— Жаңа Конституцияда адам құндылығына, заңның үстемдігіне, табиғатты қорғауға және білімге баса назар аударылады. Бұл заң біздің болашақ үшін, біздің халық үшін жасалған. Қазақтың заңғар жазушысы Мұзафар Әлімбаев “Заңды сыйлаған елдің – еңсесі биік” дейді. Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы.

