С.М.Киров атындағы зауытта арнайы кездесу өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель қатысты. Ол кәсіпорын ұжымына Ата заңдағы басты өзгерістер жайлы айтып берді. Сонымен қатар, еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді.
ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, облыстық мәслихат депутаты:
— Өздеріңіз білетіндей, жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа құжат өз күшіне бүгін енді. Осы орайда Киров атындағы зауыт ұжымымен арнайы кездесіп отырмын. Жиын барысында “Құрылтай” туралы айттым. Яғни, парламент енді бір палаталы болады, оған 145 депутат кіреді. Олар 5 жылға сайланады. Бұдан бөлек жаңадан енген “Вице-президент” лауазымы жайлы да сөз қозғадым. Жалпы, еңбеккерлердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырыстым.

