Шал ақын ауданындағы Чудесай өзенінің маңында көлік аударылып, оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келеді. Ақхалаттылар алғашқы медициналық көмек көрсетпек болған сәтте жолаушылардың бірі дөрекілік танытқан. Нәтижесінде масаң күйде болған 62 жастағы ер адам жедел жәрдем медбикесінің аяқ-қолына және іш тұсына соққы жасаған. Оқиға орнында болған тәртіп сақшылары азаматты дереу сабырға келтірген. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін ірі көлемдегі айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жалпы, тексеріс барысында жолға шыққан үш адамның мас болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі 52 жастағы аудан тұрғыны 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

