Облыстық әкімдікте ресми түрде күшіне енген Ата заңның басылымдарын табыстау рәсімі өтті. Жиынға өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Аймақ басшысы ең алдымен барша өңір жұртшылығын тарихи күнмен құттықтады, елордадағы жиында Президенттің айтқан сөздерін тілге тиек етті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— “Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлттың тағдырына әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды саяси өзгерістер кезеңіне жол ашады” деп атап өтті. Бүгінгі салтанатты рәсім Конституцияға деген құрметтің, заңдылықты сақтау мен еліміздің болашағы алдындағы жауапкершіліктің жарқын көрінісі болып табылады.
Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов те сөз сөйледі. Аға буын өкілі жаңа Ата заңның маңыздылығын атап өтті
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Конституция – мемлекеттің рухани паспорты. Онда азаматтың құқығы мен бостандығы, билік тармақтарының қызметі, елдің Тәуелсіздігі мен тұтастығының негіздері айқындалады.
Ата заңның басылымдарын салтанатты түрде табыстау рәсіміне келіп жетті. Айта кетейік, іс-шара барысында Мемлекет басшысының атынан 30-ға жуық адамға Конституция басылымы табысталды.
Ұлан Ыдырыс

