Konstitutsia banner mobile

СҚО әкімдігі

Облыс әкімдігінде Конституцияның арнайы басылымдары табысталды

Облыс әкімдігінде ҚР Президентінің атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Оның барысында өңір жетекшісінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтады. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, Қазақстанның Еңбек Ері:

— Бүгінгі отырыста Ата заңымыздың қабылдануы жайлы айтты. Бұл еліміз бен жастар үшін маңызды.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі:

— Жастар үшін бұл – өте маңызға ие құжат. Алдағы уақытта осы Конституция заңдарын ұстануға тырысамыз.