Konstitutsia banner mobile

Мәдениет

“Мерейлі отбасы” байқауы қалалық кезеңінің жеңімпазы анықталды

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Мерейлі отбасы” республикалық конкурсының қалалық кезеңінің финалы өтті. Іс-шараның басты ерекшелігі – күшіне енген жаңа Конституцияда айқындалған отбасы құндылықтарын насихаттау. Ақтың сынға барлығы 5 отбасы қатысты.

АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, ұйымдастырушы:

— Жалпы қатысушылар “Мерейлі отбасы” деген сайт арқылы тіркелді. Бірінші видеороликтер ұсынды, кейін барлық отбасы мүшелері жайлы ақпарат әзірледі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша қалалық кезеңнің жеңімпазы ретінде Ибраевтар жанұясы танылды. Ерлі-зайыпты жандардың шаңырақ құрғандарына биыл – 16 жыл. Отбасында 3 бала өсіп келеді. Отағасы Уәлихан Ибраевтің айтуынша, ата-ана өз ісімен балаларға үлгі бола білуі қажет.

УӘЛИХАН ИБРАЕВ, байқау жеңімпазы:

— Сайысқа отбасымыздың барлық мүшесі қатысты. Байқауға тыңғылықты дайындалдық. Жалпы, жас отбасыларға осы сынды іс-шараларға, сайыстарға жиі қатысуға кеңес берер едім. Ата-ана өз ісімен балаларға үлгі бола білуі қажет. Ол үшін белсенді болуымыз керек. Сонда ғана шаңырақтағы ауызбіршілік артады.

Енді алдағы уақытта жеңімпаздар облыстық байқауда бақ сынайды. Егер ол кезеңде де Ибраевтар әулеті үздік атанса, республикалық “Мерейлі отбасы” сайысына жолдама алады.