Жаңа Конституцияның негізінде адам еркіндігі, бостандығы мен адам құқығы тұр. “Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне көшу арқылы билік халыққа жақындап, әр азаматтың мүддесін қорғауға басымдық беріліп отыр”,- дейді облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Тоқшылық. Қоғам белсендісінің айтуынша “Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет” – бұл қағидалар – жаңа қоғамның жаңа іргетасы болмақ.
ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, СҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы:
— Мемлекет басшысы айтқандай “Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет” институционалды жаңа жобасы дайын болды. Енді алдағы уақытта адам бостандығы, адами капиталды дамыту, тарихи, мәдени мұрамыздың дамуына үлкен серпін беріледі деп күтіп отырмыз. Тағы бір айта кететін жайт, преамбуламызда айтылғандай, Қазақстан мемлекеті – біртұтас, өзіндік тарихи дамуы бар, алға нық қадам басқан мемелекет ретінде ерекшеленетіні даусыз”. 02:40-03:00 “Бұл Конституцияда барлық сала қамтылған. Еш нәрсе назардан тыс қалған жоқ. Барлығына құқықтық баға беріледі. Алдағы уақытта Жаңа Конституция ел игілігіне және еліміздің жаңа парағына өзінің өлшеусіз үлесін қосады деп ойлаймын.

