Еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметовтың пікірінше, жаңа өзгерістер халық мүддесін биіктетіп, мемлекетімізді нығайта түседі. Қоғам белсендісі реформалардың маңыздылығына тоқталды.
БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, қалалық мәслихат депутаты:
— Өткен референдумда халықтың біркісідей атсалысуы – қоғамның кемелденгенін, ортақ мақсатқа жұмылғанын көрсетеді. Біз басқарудың жаңа архитектурасына көштік. Ендігі жерде адамның құқығы, отбасы мен баланың қауіпсіздігі – мемлекеттің басты қамқорлығында. Заман өзгереді, заңнама да соған сай болуы тиіс. Партиялық жүйеде болып жатқан жаңашылдықтар халық пен биліктің арасын жақындата түспек. Олар халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны шешуге атсалысады. Реформалардың түпкі мақсаты – заң үстемдік құратын, жасампаз әрі әділетті қоғам орнату”.))

