Петропавлдағы “Взгляд” офтальмологиялық орталығына – 20 жыл. Қазіргі күні көпке шипасы тиген мекемеде 14 маман жұмыс істейді, оның 4-еуі – дәрігер-офтальмолог. Олар 15-ке тарта медициналық қызмет түрін көрсетеді. Мерейтойға орай орталықта арнайы мерекелік іс-шара өтті. Оған тұрақты клиенттер, қызметкерлер әрі арнайы қонақтар қатысты.
БАҚЫТ УӘЛБЕКОВА, “Взгляд” офтальмологиялық орталығының директоры:
— Ең басында науқастарды алақандай ғана кабинеттің ішінде қабылдайтын едім. Қазіргі күні өзіміздің нысандарымыз бар әрі олардың ішінде көзілдірік және өзге қажетті дүниелер сататын бұрыштар қарастырылған. Бүгінде “Взгляд” офтальмологиялық орталығы өңір тұрғындарының сұранысына ие. Бізге азаматтар шетелден де, өзге облыстардан да келеді.
“Взгляд” офтальмологиялық орталығы өңірде ең бірінші болып көзге астигматизмді түзейтін линза орнатуды қолға алған. Емдеу мекемесі жыл сайын жаңа құрылғылармен, аппараттармен толығады.
БАҚЫТ УӘЛБЕКОВА, “Взгляд” офтальмологиялық орталығының директоры:
— Біздің мамандар өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырып тұрады. Олар Алматы, Астана және Ресейдің Новосібір қалаларында арнайы курстардан өтеді. Офтальмологиялық орталықта аурудың барлық түрлерін анықтай аламыз. Егер бізге жүгінген жанның дерті ауыр болып оған операция қажет болса, арнайы клиникаларға жолдама береміз.
Роза Шәкенова – “Взгляд” офтальмологиялық орталығы құрылғаннан бері тек осында қаралатын жерлесіміз. Айтуынша, оны бала күнінен көз ауруы мазалайды. Бертін келе дерті асқынған. Осыдан 6 жыл бұрын нәзікжанды тіпті көру қабілетінен айрылыпты.
РОЗА ШӘКЕНОВА, қала тұрғыны:
— Коронавирус кезінде мүлде көзім көрмей қалды. Сол кезде Бақыт Төлегеноваға келдім, ол маған өз кеңесін берді.
Айта кетейік, Петропавлда “Взгляд” офтальмологиялық орталығының 2 бірдей мекемесі жұмыс істейді. Қос нысан Назарбаев көшесі, 156 және Жабаев көшесі, 142 мекенжайы бойынша орналасқан.
Ұлан Ыдырыс

