Konstitutsia banner mobile

Экология

Петропавлдықтар мен қала қонақтары экология туралы сұрақтарға жауап берді

Петропавлдықтар мен қала қонақтары экология туралы сұрақтарға жауап берді. Қоғамдық даму және ақпарат орталығының өкілдері “Таза Қазақстан” акциясы аясында интерактивті шара өткізді. Креативті қыз-жігіттер Достық үйі алдына тура “Поле чудес” ойынындағы сияқты үстел қойған. Оның бетіндегі айналады, сол арқылы бағдар көрсетуші таяқша сауалдарды нұсқайды.

Дұрыс емес. Пластик бөтелке ашық кеңістікте 100 жылда жойылады. Дегенмен қатысушыға сыйлық ұсынылды.

АЛМАГҮЛ ҒАББАС, СҚО ІСБ ақпарат және қоғамдық даму орталығының маманы:

— Бұл акция қала тұрғындарына арналған және оған кез келген адам қатыса алады. Біз табиғатты қорғау қызықты әрі пайдалы екенін көрсеткіміз келеді. Арнайы тақырыптық барабан арқылы қатысушылар экологияға қатысты сұрақ немесе тапсырманы кездейсоқ таңдайды. Осылайша, олар ойын түрінде қалдықтарды бөлек жинау, табиғи ресурстарды үнемдеу және экологиялық пайдалы әдеттер туралы көбірек біледі.

Сұраққа толы барабанды айналдырғандардың арасында үлкен де, кіші де бар. Солардың бірі – Марьяна Овчинникова. Жерлесімізге жеңіл сауал түскен сияқты. Ол бірден жауап берді.

МАРЬЯНА ОВЧИННИКОВА, қала тұрғыны:

— Маған зияткерлік ойын ұнады. “Өсімдіктер атмосферадан қандай газ алады?” деген сұрақ жазылған қағаз таңдалды. Көмірқышқыл газы деп жауап бердім. Осылайша асығым алшысынан түсті. Осы сынды шаралар жастарды қызықтырады, сол арқылы табиғатқа жақындата түседі. Тамаша бастама.

Жалпы, интерактивті шара барысында 50-ден аса сұраққа жауап берілді. Петропавлда осы сынды бастамалар алдағы уақытта да қолға алынады.