Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Импорттық тауар талапқа сай келмеді

Импорттық тауар талапқа сай келмей шықты! Ресейден жеткізілген 33 текше метр қарағай материалынан қара сүген қоңызы табылды. Мұндай жайт фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында тіркелді. Ал өнімнің залалдану фактісі сараптама қорытындысымен расталды. Өз кезегінде жауапты тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

ӨМІРХАН ҚАНЖІГІТОВ, ҚР АШМ АКМИК Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор:

— Жеке кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот қаулысымен кәсіпкер өнімді жоятын болды.