Көрпе жамылып, көз ілудің орнына клубта көңіл көтерген! Петропавлда кәмелетке толмаған қыз ата-анасының қарауынсыз түнгі думанда жүрген. Аталған дерек бойынша 17 жастағы жасөспірімнің заңды өкілдері мен ойын-сауық мекемесінің жауапты тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында ұл-қыздардың көңіл көтеру орындарында сауық құруының 16 фактісі анықталған. Олардың басым бөлігі – 16-17 жастағы жастар. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезінде түнгі рейдтерді тұрақты түрде өткізеді. Сонымен қатар, еңбек инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

