Тайынша ауданында “Халық Қаһарманы” Ғазиз Байтасовтың құрметіне мурал салынды. Аталған ауданның тәртіп сақшылары биыл кәсіби мерекені алыстан көз тартатын муралдың маңында өткізуді жөн көрген. Басты мақсат – батырдың ерлігін насихаттап, ешқашан ұмытпау. Шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар шенді марапатталды. Айта кету керек, Ғазиз Байтасов Тараз қаласында аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапты. Полиция капитаны граната лақтырғалы тұрған қаскөймен арпалысып, ондаған тұрғынның өмірін аман сақтап қалды.

