«Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін, бет-әлпетін толық жабатын киіммен жүруге тыйым салынады. Осыған байланысты полицейлер өңір тұрғындарына қоғамдық орындарда жаңа заңнама талаптарын түсіндіруде. Негізінен қамтылатын орта – жастар. Айта кетейік, тұлғаға бұл ережені алғаш рет бұзғаны үшін ескерту жасалады. Ал егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бірақ, талапты ауа райы әрі денсаулық жағдайына, қызметтік міндеттерді орындауға байланысты, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде сақтамауға рұқсат етілген.

