Петропавлда “Заң және тәртіп” қағидаты аясында буллингке қарсы ауқымды шеру өтті. Қаланың шығармашылық адамдары бұл шеруде бой көрсетті.
КАРИНА ШВЕГЛЕР, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
— Негізі, бұл іс-шара буллинг мәселесі мен оның алдын алу тақырыбына арналады. Балаларымыз қамқорлықты сезінгенін, кез келген қатігездікке жол берілмейтінін, бір-біріне құрметпен қарағанын, сондай-ақ, өз құқықтарын білгенін қалаймыз. Бүгінгі іс-шара “Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз” ұранымен өтуде.
Іс-шараға 250-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде спорт мектептері мен шығармашылық бірлестіктердің тәрбиеленушілері бар. Қолдарында плакат ұстаған өскелең ұрпақ қала тұрғындарын бірлікке шақырып, буллингке “жоқ” деп ашық айту үшін бірікті.
ПЛАТОН РАДИОНОВ, қатысушыф:
— Буллинг – бұл зорлық-зомбылық және мен оны қолдамаймын. Буллинг мектептерде кездесіп жатады. Бүгінгідей іс-шаралардың болуы маңызды деп санаймын, себебі біз буллингке қарсы екенімізді көрсеткіміз келеді.
Әдетте бұндай іс-шаралар концерттік бағдарлама немесе спорттық сайыс форматында өтетін. Бірақ бұл жолы шеру ауқымды болып, балалардың есінде қаларлықтай өтті.

