Konstitutsia bannerKonstitutsia banner mobile

Қоғам

Петропавлда түнгі ойын-сауық орындары ертерек жабылатын болды

Облыс орталығында түнгі ойын-сауық орындарының жұмыс уақыты бір сағатқа қысқарды. Мұндай шешім полиция қызметкерлері мен барлар және дәмханалар иелерінің кездесуі қорытындысы бойынша қабылданды. Аталған өзгеріс құқық бұзушылықтардың санын азайтуға сеп болмақ. Себебі, жыл басынан бері Петропавлдағы түнгі ойын-сауық орындарынан шенділерге 352 шақырту түскен. Соның 32-сі ерекше алаңдаушылық тудырып отырған мекемеден келген. Жиі тіркелетін фактілер – төбелес, ұрлық және басқа да заң бұзушылықтар. Статистикаға сүйенсек, заңға қайшы әрекеттердің көбі таңғы 04:00-тен кейін жасалады.