“Қызылжар” футбол клубы тағы да жеңілді! Осы жолы жергілікті жігіттер Семей қаласында “Елімайдан” ұтылды. Бұл – теріскейліктердің Қазақстан чемпионатындағы қатарынан 4-ші жеңілісі. Кезекті матчта тіркелген есеп – 2 де 0. Голдар екінші таймда соғылды. Өзекті өрттейтін жеңілістен кейін “Қызылжар” турнирлік кестеде 12-ші сатыға сырғыды. Ендігі ойын шілденің 4-ші жұлдызында Петропавлдағы “Қарасай” стадионында өтеді. Қарсыласымыз – тағы да семейлік “Елімай”.

