27-маусым күні Есіл ауданында ұлттық спорт түрлерінен “Қызылжар-2026” облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада өңірдің түкпір-түкпірінен келген 700-ге жуық спортшы сынға түсті. Олар 11 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысын жария етсек, жалпыкомандалық есеп бойынша Ақжар ауданының командасы үшінші орынға ие болды. Ал шалақындық толағайлар тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Ал намысты қолдан бермеген сайыс қожайындары спартакиадада топ жарды. Есіл ауданының өрендері қазақ күресі, садақ ату мен бәйгеден басқаларынан оқ бойы озық болды.

