Теріскейлік полицейлер Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған бір айлық профилактикалық науқанды қорытындылады. Оның аясында Петропавлдың Бас алаңында ауқымды концерт өтті. Іс-шара барысында салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқан еріктілер, бұқаралық ақпарат құралдарының, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері және басқа да азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы, бір ай ішінде өңір тәртіп сақшылары облыста есірткіге қарсы 170-ке жуық түрлі іс-шара ұйымдастырған екен.

