Биыл теріскейлік диқандар 4 млн 300 мың гектар аумаққа дән сіңірді. Мұнымен жұмыс тоқтап қалмайды. Мол көлемде өнім алу үшін егілген тұқымды баптау қажет. Қазіргі таңда егістік алқаптарында химиялық өндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еңбеккерлер 20 күннің ішінде 2 млн 600 мың гектар жерге минералды тыңайтқыш сеуіп үлгерген. Тағы 1 млн 400 мың гектар алқапта зиянкестер мен түрлі ауруларға қарсы шаралар жүргізілген. Биыл мемлекет қолдауының арқасында өңір аграрилері 59 мың тонна арзандатылған жанар-жағармаймен және 360 мың тонна тыңайтқышпен қамтамасыз етілген.