Қызылжар төрінде өткен “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының жалпы қорытындысына тоқтала кетсек. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 64 ұл-қыз қатысқан болатын. Олар 4 аталым бойынша кіл мықтыны анықтады. Бүгін сайыстың қорытынды нәтижелері шығып, жеңімпаздар марапатталды. М.Жұмабаев
шығармаларын жатқа оқу номинациясында Түркістан облысының, ал ән айту аталымында Алматы өңірінің өкілі үздік атанды. Аталмыш сайыстың ғылыми жобалар шығармаларын зерттеу номинациясында Шымкент қаласынан келген Иманғали Үсентайұлы 2-ші орын иеленді.
ИМАНҒАЛИ ҮСЕНТАЙҰЛЫ, “Мағжан оқулары” республикалық байқауының жүлдегері, Шымкент қаласы:
— Мен Мағжан Жұмабаевқа 7-шы сыныптан бері қызығып келемін.