1-шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енеді. Жоғары консультативтік орган – Халық кеңесі құрылады. Бір палаталы парламент Құрылтай жасақталады. Айта кету керек, құрылтай 8 комитет пен 145 мандаттан тұрады. Депутаттар тек 5 жылға сайланады. Бұл халық қалаулыларының қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, тұрғындардың үнін билікке жеткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, еліміздің дамуына зор серпін бермек.