Өңірде шомылу маусымы басталғалы 3 бірдей адам ажал құшты. 14 маусым күні Ақжар ауданы Ленинград ауылына жақын жердегі Шат өзені бойында 62-ші жылғы азаматтың денесі табылған. Бізде бар мәліметтерге сүйенсек, ер азамат тыйым салынған аумақта суға түскен. Тағы бір дерек дүйсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында тіркелді. Арнайы-құтқару жасағы жасөспірімнің өлі денесін су түбінен алып шыққан. 16 жастағы облыс тұрғыны да тыйым салынған жерде шомылған. Ал 3-ші факт 21-ші маусымда облыс орталығында болды. 62 жастағы ер азамат Пестрое көлінде шомылу кезінде су жұтып қойған, салдарынан механикалық асфиксия орын алған. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.