Петропавл қаласында медициналық жабдықтар шығаратын бірегей зауыт жұмыс істеп тұр. Кәсіпорында өндірілетін заттар тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де үлкен сұранысқа ие. Өндіріс орны өнімнің идеясынан бастап, дайын құрылғыны шығаруға дейінгі бүкіл циклді толықтай өз бетінше орындайды.
СТАНИСЛАВ ТАРАТУТО , “ҚазақМедИмпорт” ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:
— Біз шығаратын өнімдердің номенклатурасы 200 атауды қамтиды. Олар медициналық жабдықтардан бастап, тамақ үлестіруге арналған құрылғыларға дейін. Сонымен қатар, биыл патанатомия бағытын іске қостық. Бұлар секциялық үстелдер мен кесу станциялары. Біз халықаралық көрмелердің де тұрақты қатысушысымыз.
Өндіріс бірнеше негізгі цехтар мен өңдеу кезеңдерінен тұрады. Олардың қатарында конструкторлық бөлім, шикізат қоймасы, лазерлік кесу және құрастыру цехтары, сондай-ақ басқа да маңызды нысандар бар.
«ҚазақМедИмпорт» серіктестігінде медициналық, зертханалық және өнеркәсіптік жабдықтар өндіріледі. Олар заманауи электроника, цифрлық басқару блоктары, автоматтандыру, сондай-ақ өзін-өзі диагностикалау және стерильділікті бақылау жүйелерімен қамтылған.
СТАНИСЛАВ ТАРАТУТО , “ҚазақМедИмпорт” ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:
— Біз өзіміз ламинарлық бокстарды өндіреміз. Стерильді эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған шкафтарды, қақырғы жинайтын кабиналарды, сорғыш шкафтарды және басқа да жабдықтарды өндіреміз. Барлық шығарылатын өнімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында тиісті рұқсат құжаттарымыз бар.
Компания жобаларды кешенді түрде сүйемелдеуді өз міндетіне алады және сапаға толық кепілдік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 98 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта өндіріс ауқымын одан әрі кеңейту жоспарланған.
Нұрасыл Ахмет