Қоғам

Қайғылы оқиғалардың алдын алу

Жаз басталғалы ойын балаларын бойдағы құштарлық өзен-көлдерге жетелейді. Сонымен қатар, ата-анасы жұмыста болған кезде жеткіншектер ешкімнің қарауынсыз үйде қалады. Салдарынан әлі оңы мен солын білмейтін ұл-қыздардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан, қоғам белсенділері, тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларына барып, балалармен және олардың ата-аналарымен кездесуде. Ұйымдастырушылар жеткіншектерге сақтық шараларын түрлі ойындар ойнату арқылы түсіндіріп жатыр.

ЛЮФТ:

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, қоғам белсендісі:

—  “Шара “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасы аясында өтіп жатыр. Ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауын сұраймыз. Сондай-ақ, жиһазды бала терезеге шыға алмайтындай етіп алшақ қою қажет. Осы қарапайым талаптарды орындау арқылы ұл-қыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.

Облыста бұл бағытта түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Бірақ, соған қарамастан қайғылы жағдайлар орын алуда. Жыл басынан бері өңірде 2 бала өрттен қаза тапты. Тағы 4 жеткіншек терезеден құлаған. Республика бойынша статистика да көңіл көншітпейді.

ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері:

— Жыл басынан республика бойынша 126 бала терезеден құлаған. Оның 115-і түрлі жарақаттар алды. Өкінішке қарай, 11 жеткіншек қаза тапты.

Шара барысында қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Түрлі логикалық тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.

 

 

Нұрасыл Ахмет