Қоғам

Солтүстікқазақстандық 40 жас еңбек жасақтары құрамында жұмыс істейді

Елімізде студенттік және жастар еңбек жасақтарының маусымы басталды. Республикалық ашылу салтанатына Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі алдына жиналған жерлестеріміз онлайн режимде қатысты. Биыл өскелең ұрпақты еңбекке баулу, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық құндылықтарды нығайтуға негізделген жобаға елімізде мыңнан астам қыз-жігіт қатыспақ. Соның арасында 40 жерлесіміз де бар. Олар құрылыс, педагогика, механика және қызмет көрсету бойынша шеберлік шыңдайды. Теріскейлік жастар 2 жыл бұрын жарады. Олар су тасқыны кезінде аянбай тер төкті.

РАХМЕТДУЛЛА ЕСЕНБЕРДИН, зейнеткер:

— 2024 жылы су тасқыны болды. Сонда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері көмек көрсетті.

ӘЛИ АМАНБАЕВ, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:

— Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде музыка пәні мұғалімі мамандығына оқимын. Ән айтамын, грек-рим күресімен айналысамын.

Байболат Құлтанов