20 жыл. Ширек ғасырға жуық уақыт. Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатының ұжымы меретойларын атап өтті. Іргелі білім ұясы 2006-шы жылы жұмысын бастаған. Лицей қабырғасында айтулы күнге орай ұйымдастырылған жиында оқытушылар құрамының өткен жолы мен жетістіктері сараланды.
ДӘУРЕН ҚАЛИЕВ, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатының директоры:
— Мектеп өңірімізде танымал. Олимпиадалар, ғылыми жобалар жағынан алғашқы қатарларда. Биыл республика бойынша 8 мың мектептің арасында республикалық олимпиадалардың нәтижесі бойынша 40-шы орын иелендік. Бұл зор жетістік деп есептеймін. Мерейтоға керемет тосынсый болды”, 01:08-01:20 “Нәтижемізбен қуанып жатырмыз. Бұның бәрі білікті ұстаздардың, қолдау көрсететін ата-аналардың және білімді оқушылардың арқасында.
20 жылда жеткен жетістік көп. Шәкірт өсті, еңбек өнді, бедел де жоғарылады. Үздік шәкірттер лицей намысын ел алдында ғана емес, ел намысын әлем алдында абыроймен қорғап келеді. 20 жылдың ішінде білім ұясынан 700-ден астам түлек түлеп ұшқан. Оның 85-і – “Алтын белгі” иегері. Қолына аттестат, кейін диплом алған жастар қазір ел игілігі үшін тер төгіп жүр. Сондай азаматтардың бірі – Ердәулет Қабдөшев.
ЕРДӘУЛЕТ ҚАБДӨШЕВ, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты директорының орынбасары:
— Мен 2007-ші жылы лицейге түстім. 2012 жылы тәмамдадым. Лицейге өз бауырмашылығым бар. Бұл жердің атмосферасы өзгеше. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін көп жерде қызмет атқардым. Кейін мені жұмыс жасауға қайта шақыртып алды.
Қазір білім ұясында 300-ге жуық оқушы білім алады. Биыл 40-тан астам бала мектеп бітірген. Оның 5-еуі – “Алтын белгі” иегері.
Жаннұр Бектұрғанова