Қос иыққа қос жұлдыз қондырғандар. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан академиясы офицерлердің жаңа легін шығарды. Түлектерге диплом табыстау рәсіміне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бекайдар Қазкеев қатысты.
ЛЮФТ, БЕКАЙДАР ҚАЗКЕЕВ, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары:
— Құрметті жас офицерлер! Сіздер енді Ұлттық ұланның даңқты дәстүрін жалғастырасыздар. Алдарыңызда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еліміздің тұрақтылығын нығайту сияқты маңызды міндеттер тұр. Офицер болу – абыройлы міндет, өмірлік ұстаным. Әскери антқа адал болып, Отан мүддесін биік қоясыздар деп сенемін.
Салтанатты жиында жас түлектерге алғашқы әскери шен табысталды. Олардың қатарында оқуда үздік атанып, Мемлекет басшысының қолынан мерзімінен бұрын “аға лейтенант” атағын алған 4 офицер бар. Бұдан бөлек, биылғы лектен үкіметаралық келісімшарт негізінде білім алған Тәжікстан Республикасының 8 азаматы да табылады. Уәлихан Қайберенов – генерал болуды мақсат еткен жігіт. Ол Астана қаласындағы 5573 әскери бөліміне взвод командирі болып тағайындалған екен.
УӘЛИХАН ҚАЙБЕРЕНОВ, түлек:
— Бұл мамандықты таңдаған себебім бар, кішкентай кезімде әскери қызметшілерді, Отанға қызмет еткен адамдарды көріп, қызығатынмын. Офицер болу – менің арманым. Бүгін өз арманыма жеттім”, 00:47-01:17 “4 жыл оқу оңайға түскен жоқ. Казармада көп қызық болды. Біздің академия басқа оқу орындарынан ерекшеленеді. Маған 4 жыл бойы қолдау көрсеткен жақындарыма және академия ұстаздарына алғысымды білдіремін.
Түлектердің қуанышына ортақтаса келген ата-аналардың да толқынысы басым. Бірнеше жыл бойы перзентінің амандығы мен жетістігін тілеген жақындары бүгін олардың иығындағы шенді көріп, көздеріне жас алды.
САХИ ДАУЫЛБАЕВ, түлектің әкесі:
— Балам офицер атағын алып жатыр. Өз арманына жетті. Өте қуаныштымын.
Салтанатты шара барысында жас офицерлердің бірі көпшіліктің алдында сүйіктісіне өмірлік жар болуға ұсыныс жасады. Алаңдағы барша қауым бұл сәтке куә болып, ақ тілектерін жаудырды.
Айта кетейік, қазіргі күні ҚР ҰҰ академиясында 700-ге жуық болашақ офицер 8 бағыт бойынша тәлім алуда. Оқу орны құрылғаннан бері әскер қатарына 6 мыңнан астам білікті маман жолданған.
Жаннұр Бектұрғанова