Құқық қорғау органдары

Петропавлда «Тоқта, алаяқ!» акциясы өтті

Петропавлда «Тоқта, алаяқ!» акциясы өтті. Қоғамдағы аса өзекті мәселенің бірі саналатын интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шараның ұйымдастырушысы – облыс прокуратурасы. Мамандар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, адам көп жиналатын жерлерді, үйлерді аралады. Басымдық егде жастағы адамдарға берілді. Шенділер жерлестерімізге айлакерлердің жиі қолданатын тәсілдерін және олардан қорғану жолдарын түсіндірді, сонымен қатар, негізгі талаптар жазылған жаднама қағаздар таратты.

САЯН АСҚАРОВ, СҚО прокуратурасының басқарма бастығы:

— Естеріңізге саламыз, банк, құқық қорғау немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-кодтарды, құпия сөздерді, банк картасының деректемелерін сұрамайды және ақша қаражатын қандай да бір «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейді. Сақ болыңыздар, бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер және егде жастағы туыстарыңызды алаяқтықтың айла-тәсілдері туралы міндетті түрде ескертіңіздер.