Спорт

Петропавлда кекушинкай каратеден қорытынды чемпионат өтті

Петропавлда кекушинкай каратеден ашық қорытынды чемпионат өтті. Жарысқа 7 мен 15 жас аралығындағы 400 спортшы қатысты. Арасында омбылық өрендер де бар. Турнир кекушинкай каратенің кумите, тамешевари және ката атты бағыттарын қамтыды. Қатысушылардың барлығы жігерлік пен қайраттылық танытты. Жарыстың соңында үздік деп танылған 140 спортшы медаль, кубок және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қорытынды турнир -спортшылар мен жаттықтырушылардың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды спорттық іс-шара.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, “Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры:

— Өңірде кекушинкай карате спорты жақсы дамып келеді. Аталған спорт түрімен айналысамын деген жастардың қатары қалың. Бүгінде 2 мыңнан астам тәрбиеленушіміз бар. Оларға каратенің қыр-сырын үйрететін жаттықтырушылар да көбейіп келеді.