С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында кезекті маусым аяқталды. Шымылдық жабылар кеште сахна саңлақтары атақты Уильям Шекспирдің «Жазғы түнгі думан» пьесасының желісі бойынша әзірленген “Түс” қойылымын ұсынды. Бұл – венгриялық режиссер Сардар Тагировскийдің жетекшілігімен дайындалған еңбек, комедия мен фантастика керемет ұштасқан туынды. Мұнда сиқыр да, махаббат та, күлкі де бар.
ДҮЙСЕХАН ҚАСЫМ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері:
— Бұл қойылымның өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда барлық актер ойнайды. Халыққа фантастикалық әсер сыйлайтын туынды. Әзірлік жұмыстары 1 айға созылды.
С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында 27-ші театр маусымында өнерсүйер көрерменге 6 премьера жол тартты. Кезекті маусым қыркүйек айында бастау алады. Шілдеде теріскейлік таланттар Болгарияда өтетін халықаралық фестивальге қатыспақ.