20-шы маусым күні Ресейдің Новосібір қаласында “Сибирское вдохновение” халықаралық байқауы өтті. Бәсі биік бәсекеде ел намысын петропавлдық “Арабеск” үлгілі би ансамблі қорғады. Теріскейлік өнерпаздар өнер додасында 11 алтын, 1 күміс медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Бүгін шет мемлекетте атой салған ұл-қыздар үйге оралды. Оларды тілеуін тілеген жанкүйерлері күтіп алды.
ӘСЕЛ КӨШКІМБАЕВА,: “Арабеск” үлгілі би ансамблінің хореографы:
— Байқауда барлығы 55 өнер ұжымы өнер көрсетті. Бас жүлдеге ие болу оңайға соқпады. Бәсі биік сайысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Еңбектің ақталғанына қуаныштымын. Алда бізді ауқымды концерттер күтіп тұр.