Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық әйелдің 60 млн теңгесін қалтаға басқан алматылық сотталды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында интернет-алаяқтықтың алу бойынша брифинг өтті. Тілшілермен тілдесу барысында полиция департаментіне қарасты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлнұр Ахмедияров биыл 11 айлакерге қатысты сот өкімі шықққанын мәлім етті.

ӘЛНҰР АХМЕДИЯРОВ, СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

— Ең көп тағайындалған жаза – 8 жыл. Ол 2024 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны екеніні белгілі. Жалпы шығын 60 млн теңгені құрайды. – Ол адамдарды қалай алдаған?

Мұндай сұрақ автоматты түрде қойылады. Полицейдің жауабы бас шайқатты. Алматылық айлакерге Алдар көсенің өзі сеніп қалуы мүмкін.

ӘЛНҰР АХМЕДИЯРОВ, СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

— Ол солтүстікқазақстандық әйелге алдымен банктің қауіпсіздік қызметі өкілі ретінде хабарласқан. Біреулердің атына несие рәсімдегісі келгенін айтқан. Ал кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде қоңырау шалған. Бұл жолы “Сізге жаңа ғана банк маманы емес, алаяқ хабарласты, күмәнді операциялар жасады, біз оны қолға түсіреміз” деп әбден сеніміне кірген. Жәбірленуші өте білімді азаматша. Алайда, оны қу алдау арқылы өзінің құрығына түсірген.

Таңғалдыратын жайт – 22 жастағы алматылық оң мен солын таныған жерлесімізді 2 ай бойы алдап келген. Нәтижесінде әйел 3 бірдей пәтерін сатып, алаяққа бақандай 60 млн теңгесін аударып жіберген. Жәбірленушінің қызы істе шикілік барын ұғынып, полицияға жүгінеді. Тәртіп сақшылары жедел әрекет еткен. Қудың азаматшаның сеніміне кіргені соншалық петропавлдық 2 апта көлемінде шенділердің айтқанына сенбеген, айлакердің әрекетін дұрыс деп бағалаған.