Денсаулық сақтау

Көпшіліктің көңілінен шыққан «Айна-Көз»

«Айна-Көз» орталығының негізі өткен ғасырдың соңында қаланды. Бүгінде халықаралық стандарттарға ие емдеу мекемесі облысымызда ғана емес, Қазақстанға, тіпті көршілес елдерге де танымал. Офтальмологиялық орталықта 25 жылдан астам уақыт ішінде 30 мыңнан астам адамға ота жасалған.

СЕРГЕЙ БОРОДКИН, «Айна-Көз» көз орталығының офтальмолог-микрохирургі:

— Адамның жасы ұлғайған сайын көру қабілеті де нашарлайды немесе катаракта пайда болу қаупі артады. Мұндай науқастардың барлығын хирургиялық жолмен емдейміз. Яғни, көздің жұмсақ қабыршағын ауыстырамыз. Ол үшін ең озық деген заманауи қондырғыларды қолданамыз.

Орталықта қажетті жабдықтардың барлығы бар. Инновациялық аппараттар жұмысты жеңілдетті. Ең бастысы, адамдардың жазылуына айтарлықтай ықпал етуде.

СЕРГЕЙ БОРОДКИН, «Айна-Көз» көз орталығының офтальмолог-микрохирургі:

— Бұл – ARGOS аппараты, ол – ең жаңа жабдықтарымыздың бірі. Оның ерекшелігі – сканерлеу мүмкіндігінің сан алуандығында. Тексеріс 1–2 секундтың ішінде өтеді. Науқас ешқандай жайсыздық сезінбейді. Құрылғы қажеттінің барлығын көрсетеді. Соның арқасында біз әр пациентке линзаны дәл есептеп береміз.

Ал көруді лазерлік түзету – қазіргі таңда ең өзекті процедуралардың бірі. Ол азаматтарға көзілдірік пен линзаларды мәңгі ұмытуға мүмкіндік береді. «Айна-Көз» – өңірде маңызды ота жасайтын жалғыз орталық.

ВЛАДИМИР ДУБРОВИН, «Айна-Көз» орталығының офтальмологы:

— Лазерлік түзету алдында жан-жақты диагностика жасаймыз. Содан кейін емдеу әдісі анықталады. Емдеу амбулаториялық жолмен жүргізіледі. 2 көзге жоспарланған операция нәбір 10–15 минут уақыт алады.

Орталыққа тек Петропавл тұрғындары емес, шалғай ауылдардағы тұрғындар да жүгінеді. Солардың қатарында аққайыңдық Валентина Кочергина бар. Зейнеткер 10 жыл бұрын көру қабілетінің нашарлай бастағанын байқаған. Айна-Көз» клиникасына көршісінің кеңесі бойынша келіпті.

ВАЛЕНТИНА КОЧЕРГИНА, «Айна-Көз» көз орталығының емделушісі:

— Көзімде катаракта пайда болды. 6 айдан кейін сол көзіме операция жасалды. 3 күнде үйге шығарылдым. Жақында оң көзіме де операция жасалды. Орталықта емделушілерге барлық жағдай қарастырылған. Қызметкерлері мен дәрігерлері өте сыпайы.

Алдағы мерекеге орай “Айна-Көз” көз орталығында мерекелік кеш өтті. Әріптестерін бас директор Олеся Леонтьева құттықтап, жылы лебізін білдірді.

ОЛЕСЯ ЛЕОНТЬЕВА, “Айна-көз” көз орталығының бас директоры:

— Шын жүректен “Айна-көз” орталығында талмай еңбек етіп келе жатқан барша әріптесімді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Әрқайсысыңызға амандық тілеймін! Емдеу мекемесі дамудың даңғыл жолында келеді. Өткен жылы орталығымыздың 2-ші филиалын аштық. Бұның барлығы сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Олеся Леоньтева қызметкерлерге арнайы марапаттарын табыс етті.

Ұлан Ыдырыс