Қоғам

Биыл Enbek.kz платформасына 500 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған

Қазіргі таңда Қазақстандағы еңбек нарығы цифрлық форматқа көшіп жатыр. Екі қолына бір күрек іздеген жандар бұрынғыдай мекемелердің есігін тоздырмайды, сағаттап кезек күтпейді. Enbek.kz платформасына кіріп, өзіне қажетті жұмысты қарастыра алады. Жүйеде жұмыс ұсынушы мекеме мен ондағы жасалатын жағдай жайлы бар ақпар көрсетіледі. Сонымен қатар, платформаға тіркеліп, түйіндемеңізді қалдырсаңыз жұмыс ұсынушы адам сізге өзі хабарласады. Айта кету керек, жыл басынан бері елімізде Enbek.kz платформасына 600-мыңнан астам отандасымыз өз түйіндемесін тіркеген. Сондай-ақ, 500 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылыпты. Статистикаға сүйенсек, кадрлық сұраныс білім беру ұйымдарында көптеп кездеседі.