Экология

“Заң және тәртіп”: спорттық-профилактикалық іс-шара өтті

Петропавлдағы “Жеңіс” саябағында республикалық “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында “Таза қала. Таза ой. Таза болашақ” атты іс-шара өтті. Оған 40-қа жуық бала қатысты. Жиын сайыс түрінде ұйымдастырылды. Яғни, ұл-қыздар алдын ала белгіленген локацияларға барып, арнайы сұрақтарға жауап береді.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

— Жалпы, 7 локация бар. Әр локацияда біздің мамандар болады. Барлығы 3 команда сайысады. Сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңіске жетеді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етеміз.

Іс-шараға қатысып отырған балалардың қатарында Савелий Суслов бар. Мектеп оқушысы осы сынды сайысқа алғаш рет қатысып отыр екен.

САВЕЛИЙ СУСЛОВ, оқушы:

— Мен 9 мектептен келдім. Ережесіз жекпе-жек спортымен айналысамын. Бүгінгі іс-шараға қатысуға өзім ниет білдірдім. Командамызда 10 бала бар. Жеңіске жетуге тырысамыз.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар табысталады. Сонымен қатар, балаларға арнайы экопикник ұйымдастырылады.