Қоғам

СҚО-да «Даму» қорының «Мобильді фронт-офис» жобасы жұмысын бастады

Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау құралдарына қолжетімділігін кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Мобильді фронт-офис» жобасы іске қосылды. Жоба аясында “Даму” қорының мамандары өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен көшпелі кездесулер өткізіп, кәсіпкерлерді қолданыстағы қаржыландыру бағдарламалары, мемлекеттік қолдау шаралары және бизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы ақпараттандырады. Осындай жиындардың бірі бүгін Бескөлде өтті.

ГҮЛБАРШЫН ДӘУЛЕТБАЕВА, “DAMU” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

— Жыл басынан бері өңірде кепілдік беру бағдарламасы бойынша 76 млрд теңгеден астам сомаға 256 жоба қолдау тапты. Сондай-ақ, сәуір айынан бастап “Іскер Аймақ” жобасы аясында 15 келісімшартқа қол қойылды. “Даму” қоры кәсіпкер үшін банк алдында 85%-ға дейін кепілдік бере алады.

Жиында өңір тұрғындары мобильдік топқа кепілдік алу және жеңілдікті несиелер бойынша сұрақтарын қойды. Мамандар кәсіп бастаудың тиімді жобаларын баяндады. Жанат Сәбитов – Архангельское ауылының тумасы. Ол мал шаруашылығына қатысты бизнес ашуды жоспарлап отыр.

ЖАНАТ СӘБИТОВ, Архангельское ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

— “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 2,5 пайызбен 7 жылға дейін несие беріледі. Ауылда мал шарушалығын дамытуға жақсы бағдарлама”, 00:27-00:45 “Жоба бойынша несиеге қажетті құжаттардың бәрін дайындадым. Туындаған сұрақтарымды қойдым. Енді жоба бойынша рұқсат алып, мал шаруашылығын дамытамын деп отырмын.

Жоба аясында мамандар өңірдегі барлық ауданды аралауды көздеп отыр. Келесі жиын маусымның 23-і күні Айыртау ауданында өтпек.

Жаннұр Бектұрғанова