“Qyzyljar” креатив орталығында “Business Upgrade” атты ауқымды форум өтті. Аты айтып тұрғандай, шара салаға енді қадам басып жатқан кәсіпкерлерге арналған. Жиында толағай табыстарға жеткен бизнес өкілдері қатысушыларға бар білгендерін үйретті. Форумда кәсіп ашу, оны дамыту және қателіктерге жол бермеу тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
БАҚЫТЖАН МҰҚАШЕВА, HR-сарапшы, кадрлық есеп жөніндегі маман:
— Мен қатысушыларға қызметкерлерді қалай басқару қажеттігін түсіндіремін. Қаржыны дұрыс бөлу бойынша да ақпар беремін.
Шара аясында ауқымды көрме ұйымдастырылды. Түрлі компаниялар мен серіктестіктер қатысушыларға өздерінің жұмыстары жайлы айтып берді. Сонымен қатар, тәжірибесімен бөлісті.
ЖАННА ЫСҚАҚОВА, қонақүй өкілі:
— Алдымен әлеуметтік желіде тұрғындар қызығатындай жарнама жасай білу қажет. Сонымен қатар, келген қонақтардың асты-үстіне түсу аса маңызды. Петропавлда қонақүйлер аз. Алдағы уақытта көптеп ашылғанын қалаймыз.
Айтулы жиында ЖИ мен цифрлық технологияларға да баса назар аударылды. Айта кету керек, шара қас қарайғанша дейін жалғасады. Оған 100-ден астам кәсіпкер қатысуда.