Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өзінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған 6637 әскери бөлімінің сарбаздарын ұлықтау рәсімі өтті. Оның барысында 25 сарбаз марапатталды. Бұдан бөлек 6 мерзімді әскери қызметшіге ЖОО-ға түсуге арналған арнайы сертификат табысталды.
БЕКЖАН БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы:
— 150 әскери қызметші ішінен 25 озат сарбаз марапатталады. Оларға Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, ІІМ-нің орынбасары генерал-лейтенант Балтабековтың медалімен марапатталады.
Отан алдындағы борышын аман-есен атқарып келе жатқан сарбаздардың қатарында Асқар Қыдырбай бар. Алматы қаласының тумасы 5 күннен кейін үйіне қайтады. Айтуынша, осы 360 күннің ішінде ол тәртіпке үйреніп, ата-ана қадірын түсінген.
АСҚАР ҚЫДЫРБАЙ, қатардағы жауынгер:
— Әскерде менің ең бірінші түсінгенім, ол – ата-ана қадірі, бұл жақта нағыз ер азаматтың мінезі қалыптасады. Алдағы уақытта өз қаламда әскери қызметімді жалғастыруға деген ниет бар.
Айта кетейік, алдағы бір аптаның ішінде 6637 әскери бөлімінің 150-ге тарта мерзімді әскери қызметшісі үйлеріне қайтатын болады.
Ұлан Ыдырыс