Денсаулық сақтауСпорт

Медицина қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Петропавлда медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі дода жыл сайын ақ халатты абзал жандардың күні қарсаңында өткізіледі. Биылғы жарысқа әдеттегідей жан-жақтан мамандар жиналды. Жалпы команда саны 20-ға жуықтайды. Қатысушылар 2 күн бойы волейбол, дойбы, тоғызқұмалақ, дартс, арқан тарту, жеңіл атлетика және ауыр атлетика бойынша бақ сынасады.

НҰРСҰЛТАН САРЖАНОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Спартакиада – біз үшін игі дәстүрге айналған айтулы шара. Медицина мамандарын осындай додаларда біріктіру маңызды деп ойлаймын. Бүгін адам өмірінің арашасы болып жүрген әріптестеріміз спорттық біліктіліктерін сынайды, өздерінің тағы бір қырларын байқап көреді. Бәріне сәттілік тілеймін! Сонымен қатар, баршаңызды алдағы Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Таңдалған спорт түрлері зияткерлік ойлау қабілетін және мықты физикалық күшті талап етеді. Доссерік Тәсімов сайысқа алаш рет қатысып отыр. Ол Аққайың ауданының намысын қорғайды.

ДОССЕРІК ТӘСІМОВ, Аққайың ауданы ауруханасының терапевт дәрігері:

— Бүгінгі көңіл күйім өте керемет”, 00:37-01:08 “Біздің команда 4 ер бала, 3 қыз баладан тұрады. Барлығымыз бір мекемеде жұмыс істейміз. Қазір волейболдан бақ сынасамыз. Додаға бір аптадай дайындалдық”, 01:14-01:26 “Медицина қызметкерлеріне денсаулық, отбасыларына бақ-береке тілеймін.

Жарысқа білікті қазылар төрелік етеді. Олар соңында сайыстарда жиналған ұпайларды біріктіреді. Жүлделі орын алған командалар медаль және дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, ақшалай сыйақы беріледі.

Жаннұр Бектұрғанова