Мәдениет

Балалар кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 300-ден астам жаңа кітаппен толықты. Оның 30 пайызы – қазақ тіліндегі еңбектер. Туындылар жастарды білім алуға, спортпен айналысуға, мақсатқа жетуге жетелейді.

ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы:

— Мекемеге ертегілер, бала тәрбиесі туралы, мотивациялық және ЖИ жайлы кітаптар келіп түсті. Туындыларды жас санаты бойынша іріктейтін боламыз.

Қазір кітапхананың қоры 217 мыңнан асады. 16 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар. Қуанышқа орай, жыл сайын кітапқұмар жастардың саны артуда.

ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы:

— Жастар көбінесе мотивациялық туындыларды алады. Кітапхана жылына 2 рет кітаптармен толығады. Қала тұрғындарын жеткізілген оқулықтармен танысуға шақырамыз.

Құнды қазына арнайы жайылған көрмеге қойылды. Сиясы кеуіп үлгермеген туындыларды кітапханаға келген жеткіншектер парақтай алды. “Кітап – білім бұлағы” деп бекер айтпаса керек. Үстелдің үстінде тізілген туындылардың ішінде мұхиттай терең білім жатыр. Баға жетпес байлық құр тұрмаса, жасөспірімдер мен балалар оқыса дейміз.

Нұрасыл Ахмет