Kurultai banner mobile

Спорт

Тағы да жеңіліс…

Солтүстікқазақстандық футболсүйер қауымның қуанышы көпке созылмады! Бұған дейін талдықорғандық “Жетісуді” жеңген петропавлдық “Қызылжар” қостанайлық “Тобылдан” жеңілді. Ел біріншілігінің ХІІІ туры аясында сырт алаңда өткен матч 2 де 0 есебімен аяқталды. Қарсыластарымыз теріскейлік қорғаушылар мен қақпашыны 54-ші және 57-ші минуттарда қапы қалдырды. Бұл жеңілістен кейін жергілікті команда турнирлік кестенің 10-шы сатысына сырғыды. Ендігі ойын маусымның 17-сі күніне белгіленген. Кезекті матч Алматы қаласында “Қайрат” клубына қарсы өтеді.