Спорт

Ризабек Айтмұхан “RAF” лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

СҚО тумасы палуан Ризабек Айтмұхан “RAF” лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен турнирде отандасымыз жергілікті Хейден Зиллмермен күш сынасты. Америкалық спортшы – грек-рим және еркін күрестен ұлттық құраманың мүшесі. Бөз кілемдегі белдесу тартысқа толы болды. Нәтижесінде жеңіс 6:4 есебімен Ризабектің еншісінде кетті. Естеріңізге сала кетейік, өзінің дебюттік кездесуінде 22 жастағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан чемпиондық белбеу үшін олимпиада жеңімпазы, атағынан ат үркетін Кайл Снайдермен күресті. Бірақ, өкінішке қарай, ол жекпе-жекте жерлесіміз 12:6 есебімен есе жіберді.