Қоғам

Петропавлда “Startup Orda” өңірлік инкубациялық бағдарламасы іске қосылды

Петропавлда IT-кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған “Startup Orda” өңірлік инкубациялық бағдарламасы іске қосылды. Шара 3 айға бойы жалғасады. Бастама аясында қатысушылар тың жобаларды жүзеге асырып, түрлі платформаларды ойлап таба алады.

НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, “Qyzyljar” креатив орталығының директоры:

— Шараға қатысуға 100-ден астам қатысушы өтінім білдірді. Бағдарламаға дайын идеясы жоқ адамдар да қатыса алады. IT-саласындағы білікті мамандар талапшыл жандарға бар білгендерін үйретеді. Қатысушылар шара аясында воркшоптар мен трекерлер жасауды және бизнес-жоспар құруды меңгереді.

Шараға қатысу тегін. Қыркүйекте талапты жандар Астанадан келетін мамандарға өз жобаларын таныстырады. Дараланғандары бағалы сыйлықтармен марапатталып, ойлап тапқан дүниелерімен ел көлеміндегі байқауларға қатысады. Қуандық Жолтайұлы шараға облыс орталығынан шалғай орналасқан Ақжар ауданынан келген. Ол ұстаздардың жұмысын жеңілдетуге арналған жаңа платформа ойлап тауыпты.

ҚУАНДЫҚ ЖОЛТАЙҰЛЫ, шараға қатысушы, Ақжар ауданы:

— IT-саласына қызығып жүргеніме 5 жылдан асты. Шараға тегіннен тегін келген жоқпын. Ойлап тапқан бағдарламамды одан әрі жетілдіргім келеді.

Шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Айта кету керек, бағдарламаға 16 жасқа толған кез келген адам қатыса алады.

Нұрасыл Ахмет