Қазіргі таңда Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогі өтіп жатыр. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ге тарта былғары қолғап шебері қатысуда. Алғашқы жарыс күнінде 6 отандасымыз бақ сынады. Олардың қатарында теріскейлік Наталья Богданова да бар. Жерлесіміз шаршы алаң иесі Бао Цзиге қарсы тұрды. Кездесу өте тартысты өтті. Әдемі комбинациялар мен дөп соққылар сайыстың көркін қыздырды. Өкінішке қарай, үкіліген үмітіміз кездесудің қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шықты.