Петропавлда кезекті жаппай жүгіру өтті. Бұл жолғы спорттық шараны “Солнечный дом” қорының белсенділері “PetroRun” жүгірушілер қауымдастығының және “Просвет” жобасының қатысушыларымен ұйымдастырды. Игі бастама Даун синдромына шалдыққан балалардың халықаралық жарысқа жол тартып, қатысуы үшін қолға алынды. Байрақты бәсекені маусым айының соңында Ташкент қаласы қабылдамақ. Жаппай жүгіруге жазылған жандар тағдырдың тәлкегіне ұшыраса да өмірге, салауатты өмір салтына құштар ұл-қыздарға материалдық қолдау көрсетті. Бірліктің арқасында 1,5 млн теңге жиналды. Жалпы, “Солнечный дом” қоры ерекше балалардың спортпен айналысуына 2015 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. Былтыр теріскейлік жеткіншектер Түркияда өткен жарыста 15 медаль жеңіп алған еді.